Орталық Азия музыкасына арналған дәріс: ТДМ 4 жне ТДМ 17 аясында — ҚазҰУ

91ý

Орталық Азия музыкасына арналған дәріс: ТДМ 4 жне ТДМ 17 аясында

5 желтоқсан 2025
Орталық Азия музыкасына арналған дәріс: ТДМ 4 жне ТДМ 17 аясында

ТДМ 4 «Сапалы білім» жне ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» мақсаттарына сәйкес, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жне мәдениетаралық білім беруді дамыту шеңберінде 2025 жылғы 5 желтоқсанда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында профессор Шаймерденова М.Д. «Орталық Азия музыкасы» тақырыбында лидерлік дәріс өткізді. Дәріс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы арасындағы ынтымақтастық аясында академиялық мобильділік бағдарламасына қатысып жатқан шетелдік студенттер үшін ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тыңдаушылар Орталық Азия елдерінің музыкалық дәстүрлерімен, халық аспаптары мен жанрлардың тарихи негіздерімен, сондай-ақ дәстүрлі музыканы қазіргі заманға сай түсіндіру тәсілдерімен танысты. «Халық аспаптары» факультетінің студенттері Құрманғазының күйлерін домбыра жне жетігенде орындап, дәріске ерекше көркемдік атмосфера берді. Сонымен бірге дәстүрлі әуендердің қазіргі музыка бағыттарында жаңаша дамуын көрсететін бейнематериалдар ұсынылды.

Дәріс шетелдік студенттердің мәдени көкжиегін кеңейтіп, мәдениетаралық диалогты нығайтуға жне білім беру саласындағы халықаралық әріптестікті дамытуға ықпал етті. Іс-шара тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарын ілгерілетуге жне қазақстандық әрі шетелдік білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге елеулі үлес қосты.

Аймагамбетова М.М.