- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4 («Сапалы білім») бойынша: ҚазҰУ-де шетелдік ғалымның көшбасшылық дәрісі өтті.
ТДМ 4 («Сапалы білім») бойынша: ҚазҰУ-де шетелдік ғалымның көшбасшылық дәрісі өтті.
2025 жылғы 12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология жне биотехнология факультетінде шақырылған шетелдік ғалым, Дебрецен университетінің (Венгрия) PhD докторы Габор Шрамко (Gábor Sramkó) көшбасшылық дәріс оқыды. Іс-шараны Ботаника жне агроэкология кафедрасы ұйымдастырды.
“The role of Central Asian mountains in the evolution of the Eurasian steppe biota” тақырыбындағы дәріс Орталық Азияның таулы жүйелерінің Еуразия далалық биотасының қалыптасуы мен эволюциясындағы рөліне арналды. Спикер RAD-seq жне толықгеномды секвенирлеу (WGS) әдістеріне сүйенген молекулалық-генетикалық жне филогенетикалық зерттеулердің заманауи нәтижелерін ұсынды..jpeg)
Іс-шараға факультеттің студенттері, магистранттары, докторанттары жне профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Дәріс биоалуантүрлілік, эволюция жне генетика бағытында жұмыс істейтін мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Көшбасшылық дәрісті өткізу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 — «Сапалы білім» мақсатын іске асыруға ықпал етіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға жне озық зерттеулерді ҚазҰУ-дың білім беру үдерісіне интеграциялауға мүмкіндік берді.
Ботаника жне агроэкология кафедрасы