2026 жылғы ұлттық рейтинг: ҚазҰУ тағы да бірінші орында
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2026 жылғы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде көш бастады. Оқу ордасы еліміздің көпсалалы жоғары оқу орындары санатындағы Қазақстанның бірінші және үздік университеті болып танылды.
Аталған рейтинг келесі Сауалнамаларды қамтиды: «Академиялық қызмет және жұмысқа орналасу нәтижелері», «Сараптамалық бағалау», «Жұмыс берушілер алдындағы бедел», «Студенттерді бағалау», «Түлектерді бағалау». Барлық индикаторлар бойынша ең жоғары балл жинай отырып, ҚазҰУ университеттің білім беру және ғылым саласындағы көшбасшылардың бірі ретіндегі жоғары беделін кезекті рет дәлелдеп отыр.
2026 жылы институционалдық рейтингке көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық, сондай-ақ өнер санаты бойынша бөлінген 34 жоғары оқу орны қатысты.
Рейтингті қалыптастыру аясында дәстүрлі түрде студенттер мен түлектерді қамтыған кешенді сауалнама жүргізілді.
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік-Рейтинг (IQAA Ranking) қазақстандық жоғары оқу орындарына өз позицияларын анықтауға, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға, жоғары оқу орнының сапалы жұмысына ықпал етуге, ең бастысы – білім алушылардың көбірек санын тартуға және жұмыс берушілер үшін тартымдылық аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстандық жоғары оқу орындарын саралау қорытындылары ресми сайтта жарияланды:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі