Адалдық – ең асыл қасиет — ҚазҰУ

91ý

Адалдық – ең асыл қасиет

25 қараша 2025
Адалдық – ең асыл қасиет

Адалдық – адам болмысының ең асыл қасиеті. Адал адам – өз ұлты мен қоғамның тірегі. Ал адал азамат болу – жай ғана мінез емес, тұтас бір трбиенің нәтижесі. Себебі адалдық жүрекке бір сәтте ұяламайды, ол бала жастан өнеге мен еңбек арқылы қалыптасады.

Адалдық – көзге көрін­бей­тін, бірақ жүректен танылатын қа­сиет. Ол шындықты айтуда, уәдеге берік болуда, өз ісіне жауапкершілікпен қарауда бай­­қалады. «Адал адам – ары­ның құлы, арам адам – ма­лы­ның құлы» деп халық тегін айт­паған. Нағыз азамат – өз пай­дасын емес, ел мүддесін ойлаған адам.

Қазіргі қоғамға дәл осын­дай адал азаматтар қажет. Өйт­кені адалдық бар жерде әділ­дік орнайды, сенім кү­шейе­ді, мемлекет дамиды. Ал адалдық жоғалған жерде сат­қын­дық, жалғандық, жем­қор­лық белең алады. Сол себепті адал болу – тек жеке қасиет емес, қоғамдық жауапкершілік. Адал азамат – трбие мен рух­тың жемісі. Мұндай тұлғаны қалыптастыратын ең алдымен – отбасы.

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында трбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргі­зі­ліп келеді. Бұл бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас трбие тұжырымдамасының» жалға­сы, бірақ мазмұны жаңар­ты­лып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қа­ғи­дасымен үндестірілген. Бағ&;дар&;ламаның түпкі мақ­саты – қоғамның мыз­ғымас тірегі, отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ трбиелеу; әділет­ті­лік­тің, адамгершіліктің, жауап­кер­шілік пен еңбексүйгіштіктің айқын бейнесі болатын адал азаматты қалыптастыру.

Тәрбие жұмысын жүзеге асы­руда мемлекеттік орга­н­дар­мен, құқық қорғау, ден­сау­лық сақтау, ішкі саясат са­ла­ларымен өзара бірлесе қызмет ат­қару – басты мақсаттардың бірі.

Колледжімізде ай сайын «Адал азамат – біртұтас тәр­бие» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар өтуде. Заң және тәртіп бағыты бойын­ша колледждің заңгер маман­ды­ғының оқытушылары күн­де­лікті өмірде заң нормаларын дұрыс қолдану, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында дәрістер мен кездесулер ұйым­дас­ты­руда. Сонымен қатар медицина ор­талығының мамандары суи­цид, лудомания, АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) тақырыптарында жүйелі түрде түсіндірме жұ­мыс­тарын жүргізеді. 

Гүлжан ЫДЫРЫСОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-трбие ісі жөніндегі орынбасары