- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 15 мақсаттары шеңберінде құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру жне ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды орнықты басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату жне кері қайтару, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің жоғалуын болдырмау мәселелері бойынша «Дәрілік өсімдіктерді сақтау жне ұтымды пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
ТДМ 15 мақсаттары шеңберінде құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру жне ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды орнықты басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату жне кері қайтару, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің жоғалуын болдырмау мәселелері бойынша «Дәрілік өсімдіктерді сақтау жне ұтымды пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ботаника жне агроэкология кафедрасында 20 қарашада куратор-эдвайзерлер, доцент м.а. Чилдибаева Асел Жумагуловнаның жне доцент-зерттеуші Нурмаханова Акмарал Садыковнаның ұйымдастыруымен «6В05102 – Биология» білім беру бағдарламасының ББ 23-04 топ студенттерінің қатысуымен ТДМ 15 аясында «Дәрілік өсімдіктерді сақтау жне ұтымды пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында дәрілік өсімдіктердің биоалуантүрлілігін сақтау, табиғи популяциялардың антропогендік факторлар әсерінен азаю себептері, оларды қорғаудың ғылыми негізделген тәсілдері жне ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі дәрілік өсімдіктердің рөлін, сондай-ақ оларды жинау, өңдеу жне қолдану кезінде экологиялық талаптарды сақтаудың қажеттілігін атап өтті.
Дөңгелек үстел пікір алмасу форматында өтіп, тұрақты даму қағидаттарына сай табиғи дәрілік өсімдік ресурстарын сақтауға жне оларды орнықты пайдалануға бағытталған ұсыныстармен қорытындыланды.
Ботаника жне агроэкология кафедрасы