Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы мен студенттері Жапонияның Цукуба университетінде өткен Sakura Science Exchange Program халықаралық бағдарламасына қатысты — ҚазҰУ

91ý

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы мен студенттері Жапонияның Цукуба университетінде өткен Sakura Science Exchange Program халықаралық бағдарламасына қатысты

8 желтоқсан 2025
Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы мен студенттері Жапонияның Цукуба университетінде өткен Sakura Science Exchange Program халықаралық бағдарламасына қатысты

    2025 жылдың 30-ыншы қараша мен 5-інші желтоқсан аралығында халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту аясында Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Тазабекова Гүлмира Бимуханқызы жне «6В02207 - Шығыстану» мамандығы бойынша білім алып жатқан 4-курс студенті Нұрғали Амина мен  2-курс студенті Досекей Мейірбек Жапониядағы Цукуба университетінде өткен Sakura Science бағдарламасына қатысты. Биыл аталған бағдарлама қоғамдық денсаулық сақтау тақырыбына арналды.

      30-ыншы қараша күні Қазақстаннан Жапонияға аттанған топ Токио қаласында орналасқан Нарита халықаралық әуежайына қонды. Қабылдаушы тарап өкілдері бағдарлама қатысушыларын қарсы алып алды. Әуежайда қажетті рәсімдерден өткеннен кейін Қазақстаннан келген үстаздар мен білімгерлер Цукуба қаласына аттанып, Цукуба университетінің шетелдік қонақтарға арналған жатақханасына (Guest House) орналасты. Сол күні Қазақстаннан келген білімгерлер үшін таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, оның барысында олар жақын жерде орналасқан метро станциялары, автобус аялдамалары, дүкендер, асханалар мен сауда автоматтары жөнінде толық ақпарат алды. Кешке бағдарлама қатысушылары дәстүрлі жапон дәмханасында кешкі ас ішіп, жатақханаға оралып демалды.

       1-інші желтоқсан күні Қазақстаннан келген топтың Цукуба университетінің кампусын аралайтындығы жоспарланды. Алдымен білімгерлер бағдарлама жауаптыларымен бірге метро станциясына барып көлік карталарын рәсімдеді.  Содан соң университет өкілі — Sakura Science Exchange Program бағдарламасының үйлестірушісімен ресми кездесуге қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға университеттің тарихы, оның күншығыс еліндегі жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретінде алатын орны мен мәртебесі, сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан білім беру жне ғылыми бағдарламалары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Кездесуден кейін студенттер университеттік ауруханаға барып, экскурсияға қатысты жне медициналық мекеменің құрылымы, Жапонияның денсаулық сақтау жүйесі жне халық денсаулығын сақтауға бағытталған әдістерге қатысты арнайы дәріс тыңдады. Кешке қатысушылар үшін Токио қаласының танымал  жерлерін  аралауды  қамтыған      қызықты мдени бағдарлама ұйымдастырылды.

       2-інші желтоқсан күні студенттер Цукуба университетінің халықаралық бағдарламалар кеңсесіне барып, академиялық алмасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар қатысушылар CYBERDYNE Studio қызметімен танысып, медициналық робототехника саласындағы инновациялық әзірлемелерді, соның ішінде оңалту медицинасында қолданылатын экзоскелеттер мен бионикалық протездердер туралы ақпарат алды. Оған қоса, қатысушылар роботтандырылған жүйелерді басқаруда биосигналдарды пайдаланудың болашағы туралы арнайы фильм тамашалады.

       3-інші желтоқсан күні бағдарлама іс-шаралары қоғамдық денсаулық сақтау жне медициналық менеджмент мәселелерін қамтыды. Бағдарлама қатысушылары үшін Цукуба университетінде адамның ұстанатын өмір салтының халықтың өмір сүру ұзақтығына әсері жне денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық пікірді қалыптастыру тақырыптарында дәрістер ұйымдастырылды. Кешке қатысушылар тайко дәстүрлі жапон барабандарында өнер көрсететін студенттік ұжымның концертіне қатысып, Жапонияның мдениеті мен ұлттық музыкасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

      4-інші желтоқсан күні ұстаздар мен студенттер  Цукуба қаласындағы мектептерге арналған түскі ас дайындау орталығы — Sakura School Lunch Center мекемесінде өткен экскурсияға барды. Мұнда олар жапон мектептеріндегі тамақтану жүйесімен, оның ішінде тағам рационының теңгерімділігі, калорияны бақылау жне тағамдық аллергиясы бар балалардың тамақтану ерекшеліктерімен танысты. Келесі кезекте қатысушылар  Цукуба қаласының медициналық жне леуметтік қызметтер орталығы Iki Iki Plaza мекемесіне барып, орталық жұмысының ұйымдасуы, инфрақұрылымы жне халықтың денсаулығы мен леуметтік әл-ауқатын қолдауға бағытталған әдістер жөнінде дәріс тыңдап,  орталықта жергілікті зейнеткерлер үшін өтетін спорттық жаттығуларға қатысып көрді. Берілген кездесуден соң білімгерлер Жапонияның Алдыңғы Қатарлы Өнеркәсіп, ылым жне Технологиялар Ұлттық Институтына (AIST) барып, онда жапон ғылыми-зерттеу орталықтарының заманауи ғылыми әзірлемелері мен жетістіктерімен танысты.

     5-інші желтоқсан күні бағдарламаның қорытынды күні болды. Қоштасу кеші ұйымдастырылып, студенттер Жапонияда болған кезеңнің қорытындысы бойынша өздерінің презентацияларын жасап, алған тжірибелерімен бөлісті жне Цукуба университетінің өкілдеріне алғыс білдірді. Қоштасу кешінің соңында Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Тазабекова Гүлмираға жне 4-курс студенті Нұрғали Аминаға, 2-курс студенті Досекей Мейірбекке аталған Sakura Science Exchange Program бағдарламасына қатысты деген арнайы сертификаттар табысталды.

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері мен оқытушысының Sakura Science Exchange Program бағдарламасына қатысуы, олардың академиялық жне кәсіби көкжиегін кеңейтуге, құнды халықаралық тжірибе алуға, педагогикалық біліктілікті арттыруға, сондай-ақ ҚазҰУ мен шетелдік серіктестер арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға оң әсерін тигізді.

 

Қиыр Шығыс кафедрасының

аға оқытушысы Тазабекова Г.Б.