Дана Ахметжанова ЮНИСЕФ-тің Орталық Азиядағы жастар әріптестері тобының мүшесі — ҚазҰУ

91ý

Дана Ахметжанова ЮНИСЕФ-тің Орталық Азиядағы жастар әріптестері тобының мүшесі

13 желтоқсан 2025
Дана Ахметжанова ЮНИСЕФ-тің Орталық Азиядағы жастар әріптестері тобының мүшесі

ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму кафедрасының докторанты Дана Ахметжанова ЮНИСЕФ-тің Орталық Азиядағы жастар әріптестері тобының мүшесі болып, бірқатар кездесулерге қатысты.

Дана volunteers4climate бастамасы мен UniSat S4G & Climate бағдарламасының белсенді қатысушысы. 3-5 қыркүйекте Ыстамбұлдағы NDC 3.0 климат форумында CA YPG атынан жастар эксперті ретінде баяндама жасады.

Сонымен қатар, Дана ЕҚЫҰ-ның Астанадағы қоршаған орта бойынша көшбасшылық бағдарламасына Орталық Азиядан 25 маманның бірі ретінде шақырылды, бағдарлама таулы аймақтардағы мұздықтар мен табиғи апаттарды басқаруға арналды.