ҚазҰУ сарапшылары БҰҰДБ ұйымдастырған мүдделі тараптар консультацияларына қатысып, Қазақстанның Биортүрлілік жөніндегі жетінші ұлттық баяндамасын зірлеуге үлес қосты (ТДМ 15)Farabi University

91ý

ҚазҰУ сарапшылары БҰҰДБ ұйымдастырған мүдделі тараптар консультацияларына қатысып, Қазақстанның Биортүрлілік жөніндегі жетінші ұлттық баяндамасын зірлеуге үлес қосты (ТДМ 15)

12 желтоқсан 2025
ҚазҰУ сарапшылары БҰҰДБ ұйымдастырған мүдделі тараптар консультацияларына қатысып, Қазақстанның Биортүрлілік жөніндегі жетінші ұлттық баяндамасын зірлеуге үлес қосты (ТДМ 15)

2025 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың жне өзге де мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Биортүрлілік жөніндегі жетінші ұлттық баяндамасын (7ҰБ) зірлеу барысын талқылау үшін онлайн-консультациялар өткізді.

ӘлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (ҚазҰУ) Биология жне биотехнология факультетінің биортүрлілік саласындағы сарапшылары таныстырды: ботаника жне агроэкология кафедрасының меңгерушісі Ахтаева Нурсулу Зияхановна жне зоология, гистология жне цитология кафедрасының меңгерушісі Кегенова Гульнара Болатовна. ҚазҰУ сарапшылары негізгі индикаторларды айқындау, деректерді валидациялау тсілдері, сондай-ақ биортүрлілік пен табиғи экожүйелерді мониторингтеу жүйелерін дамыту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар енгізіп, ұлттық баяндаманы дайындау үдерісінің ашық, келісілген рі инклюзивті болуына ықпал етті.

Консультациялар барысында қатысушылар ұлттық жне жаһандық биортүрлілік мақсаттарына қол жеткізу бойынша ілгерілеуді қарастырып, табысты тжірибелер мен өзекті сын-қатерлерді талқылады. Сонымен қатар табиғатты қорғау шараларын күшейту, экологиялық саясатты жетілдіру жне мониторинг жүйелерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленді. Ерекше назар Биортүрлілік жөніндегі жаһандық шеңберлік бағдарлама (GBF) талаптарын ұлттық деңгейде іске асыруға аударылды.

7ҰБ зірлеу Қазақстанның Биортүрлілік туралы конвенция (CBD) шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерін орындаудың негізгі тетігі болып табылады. Құжат сирек жне жойылып бара жатқан түрлерді қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту, табиғи ресурстарды орнықты пайдалану бағытындағы жетістіктерді, сондай-ақ сақталып отырған тәуекелдер мен олқылықтарды көрсетеді. Консультациялар нәтижесінде қалыптасқан ұсынымдар баяндаманың қорытынды нұсқасына енгізіліп, Қазақстан оны 2026 жылғы ақпанда Конвенция Хатшылығына ұсынуды жоспарлап отыр.

ҚазҰУ сарапшыларының БҰҰДБ бастамаларына қатысуы университеттің ТДМ 15 (Құрлық экожүйелерін сақтау) мақсаттарына ғылыми қолдау көрсету арқылы, сондай-ақ ТДМ 17 (Тұрақты даму жолындағы ріптестік) аясында БҰҰДБ жне ұлттық серіктестермен ынтымақтастық орнату арқылы қосқан үлесін айқындайды.

Дереккөз:   (БҰҰДБ Қазақстан жаңалықтары, 2025 жылғы 11 желтоқсан).

 

#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU #SDG14 #LifeBelowWater #SDG15 #LifeOnLand #SDG17 #PartnershipsForTheGoals #SustainableDevelopment #THEImpactRankings #Kazakhstan