- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму бағдарламасы аясында «ТҮРКИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДА МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАР
Тұрақты даму бағдарламасы аясында «ТҮРКИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДА МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАР
2025 жылғы 25 желтоқсанда Тұрақты даму бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Түріктану жне Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен
«Түркиялық ғылыми журналдарда мақала жариялау: халықаралық ынтымақтастық пен ғылымды дамытудың өзекті мселелері» тақырыбында халықаралық онлайн вебинар өтті. Іс-шара мазмұнды баяндамалар мен терең талдауларға негізделген ғылыми диалог алаңына айналды.
Вебинардың модераторы — Шығыстану факультетінің Түріктану жне Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. А. Халел. Ол өз сөзінде қазіргі жаһандану жағдайында ғылыми жарияланымдардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі мен академиялық серіктестіктің маңызын ерекше атап өтті.
Қазіргі таңда тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) университеттердің тек академиялық күн тәртібін ғана емес, олардың институционалдық миссиясын айқындайтын негізгі стратегиялық бағдарға айналуда. Осы тұрғыда Түркияның жетекші жоғары оқу орындары — Harran University, Amasya University, Istanbul University жне Ankara Hacı Bayram Veli University — тұрақты дамуды өңірлік, ұлттық жне халықаралық деңгейде ілгерілетудегі белсенді ұстанымымен ерекшеленіп, стратегиялық серіктес ретінде танылып отыр.
Вебинар барысында шетелдік жне отандық ғалымдар ғылыми жарияланым саласындағы өзекті мселелерді жан-жақты талқылады.
Атап айтқанда, Harran University өкілі Dr. Uğur Altundaş, Amasya University доценті Doç. Dr. Kürşat Efe, Алматы қаласындағы Түркия Консулдығының өкілі Dr. Kemal Çakır, Ankara Hacı Bayram Veli University профессоры Prof. Dr. Savaş Şahin, сондай-ақ Istanbul University профессоры Prof. Dr. A. Askeroglu мазмұнды баяндамалар жасап, халықаралық ғылыми журналдарда жарияланым дайындау тжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар белсенді қатысып, көтерілген мселелер төңірегінде қойылған сұрақтар мен ұсыныстар қызу пікірталасқа ұласты. Бұл вебинардың практикалық рі ғылыми маңызын айқындай түсті.
Халықаралық вебинар Стамбул университеті, Харран университеті, Анкара Хаджы Байрам Вели университеті жне Алматы қаласындағы Түркия Консулдығы өкілдерінің қатысуымен өтіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған мазмұнды рі нтижелі академиялық алаң ретінде жоғары бағаланды.

Жалпы алғанда, Түркия университеттерінің тжірибесі тұрақты дамуды ілгерілетуде университеттердің білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар өңірлік даму драйвері жне халықаралық серіктес ретіндегі рөлін айқын көрсетеді. Университеттер арасындағы ынтымақтастық, бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық ұтқырлық ТДМ-ды жүзеге асырудың тиімді тетігіне айналып, Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми жне мдени байланыстардың жаңа көкжиектерін кеңейтуде.