- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ жас ғалымдарды орнықты даму бойынша зерттеулерді дамытуға ынталандырады. Биология жне биотехнология факультетінде "Farabi GreenCampus: Taza University" жас ғалымдардың жасыл жобалар байқауы өтті.
ҚазҰУ жас ғалымдарды орнықты даму бойынша зерттеулерді дамытуға ынталандырады. Биология жне биотехнология факультетінде "Farabi GreenCampus: Taza University" жас ғалымдардың жасыл жобалар байқауы өтті.
24 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология жне биотехнология факультетінің, Ботаника жне агроэкология кафедрасының жас ғалымдары «Farabi Green Campus: Taza University» экологиялық жастар форумы аясында өткен жасыл жобалар байқауына қатысты. Форум жне іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Әртүрлі мамандықтағы жас докторанттар, магистранттар жне бакалавриат деңгейіндегі білім алушылар экологиялық идеяларын жобалар, ғылыми зерттеулер, әзірлемелер жне бастамалар түрінде ұсынды.
Жобалар осы бағыттар бойынша ұсынылды:
· қалдықтарды азайту жне қайта өңдеу, су мен ауаның сапасын қорғау,
· жасанды интеллект жне Жасыл болашақ жобалары, энергияны үнемдеу,
· экологиялық білім беру жне хабардарлықты арттыру
· биоәртүрлілік пен тозаңдандырғыштарды сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру, қалаларды тұрақты көгалдандыру.
Қазылар алқасының құрамына Профессорлар, оқытушылар жне факультет қызметкерлері: 1 Төраға, 5 қазылар алқасы жне 1 хатшы қатысты
Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша үздік эко-бастамалар 100 000, 70 000 жне 30 000 тг сомасына дипломдар мен жүлделі сертификаттар алды. 25 қарашада өткен форумда жүлдегерлер Химия жне химиялық технология факультетінің Малахит залындағы басқа факультеттердің жобаларымен қатар марапатталды.
Факультеттегі конкурстың қорытындысы жне жобалардың бағыттары:
1 орын - "ARALAP: тозаңдандыратын жәндіктерді қолдау жне сақтау үшін кампусты экологиялық көгалдандыру", Ғалымжанов Ислам, Жанбасбаева Сымбат, Нұрханов Руслан
2 орын-" Қазақстанның тұзды топырақтарын биорекультивациялаудағы альго-цианобактериялық консорциумдарды иммобилизациялау жүйелерін" Benchmark-талдау", Залетова Дильназ
3 орын - "FarabiGreen Point" – кампустарда қалдықтарды суриптау процесі жеңістетін ақылды экологиялық қосымша" Қоламсақәуле, "development of a technology for producing eco-friendly disposable tableware from renewable waste" Мұхамбетжанова Аружан



#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #GreenCampus #SustainableKazNU #SDG13 #ClimateAction #2030Agenda
Ботаника жне агроэкология кафедрасы