- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультеті Community Centre Almaty алаңында жастар арасында Турақты даму мәселелері мен ТДМ 17 бойынша ашық пікірталас ұйымдастырды
Халықаралық қатынастар факультеті Community Centre Almaty алаңында жастар арасында Турақты даму мәселелері мен ТДМ 17 бойынша ашық пікірталас ұйымдастырды
25 желтоқсан күні Халықаралық қатынастар жне лемдік экономика кафедрасы Community Centre Almaty-де «Турақты даму мақсаттарының 17-мақсаты – Турақты даму жолындағы серіктестік жне жастардың рөлі» тақырыбында ашық пікірталас өткізді.
Пікірталастың негізгі спикері ретінде оқу, дістемелік жне трбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Апсаттарова Гүлзада Әбдусағатовна сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол ТДМ 17-нің ынтымақтастық арқылы орнықты дамуға қол жеткізудегі негізгі тетік ретіндегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, спикер жастардың, білім берудің жне ріптестіктің бейбітшілікті нығайту мен Турақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөліне ерекше назар аударды.
Пікірталас интерактивті форматта өтті, қатысушылар талқылауға белсенді түрде қатысып, өз көзқарастарын білдіріп, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тртібін іске асыру жне жастардың Орнықты даму мақсаттарына жетудегі қатысуына қатысты сұрақтар қойды.
Іс-шараның практикалық бөлігінде «Сұрақ–Лотерея» атты интерактивті формат ұйымдастырылды. Аталған діс арқылы қатысушылар ТДМ 17-ге байланысты сұрақтарға жауап беріп, алынған білімді қолжетімді рі интерактивті түрде бекітуге мүмкіндік алды.



