ЦУР-2 аясындағы оқушылардың өндірістік экскурсиясы: агрохимияның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесіFarabi University

91ý

ЦУР-2 аясындағы оқушылардың өндірістік экскурсиясы: агрохимияның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесі

29 желтоқсан 2025
ЦУР-2 аясындағы оқушылардың өндірістік экскурсиясы: агрохимияның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесі

2025 жылғы 29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия жне химиялық технология факультеті, физикалық химия, катализ жне мұнай химиясы кафедрасының оқытушылары қауымдастырылған профессор Жүсіпова А.К.,  қауымдастырылған профессор м.а. Наренова С.М. жне аға оқытушы Ажигулова Р.Н., Тұрақты даму мақсаттары-2 «Аштықты жою» аясында №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицейдің 11-сынып мен №207 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары үшін «Modern Chemistry» ЖШС жне «BioProject» ЖШС өндірістік цехтарына экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия профессор Алдабергенов Майлыби Қапанұлының жетекшілігімен өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру жне агродақылдардың төзімділігін күшейту мақсатында қолданылатын өсімдік өсу реттегіштері мен тыңайтқыштардың толық өндірістік циклымен танысты.

Технологиялық үдерістің негізгі кезеңдері, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар, сондай-ақ өндірістің экологиялық аспектілері көрсетілді. Тыңайтқыштардың аштықпен күрестегі рөліне ерекше назар аударылды, атап айтқанда, өсімдіктерді азот, фосфор жне калий сияқты негізгі қоректік элементтермен қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жне азық-түлік қолжетімділігін көбейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар микроэлементтері бар кешенді минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктердің өсу кезеңдеріне бейімделген қоректендіру жүйелерінің тағам сапасын жақсартудағы, жасырын аштықтың (дәрумендер мен минералдар тапшылығының) алдын алудағы жне тұрақты азық-түлік жүйелерін қалыптастырудағы маңызы атап өтілді.

Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, химиялық білімнің нақты өндірісте жне ауыл шаруашылығында қолданылуы туралы практикалық түсінік алды.

 

Жүсіпова А.К.,  Наренова С.М. Ажигулова Р.Н.