- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология жне биотехнология факультетінде бірлескен жиналыс өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология жне биотехнология факультетінде бірлескен жиналыс өтті
2026 жыл, 21 қаңтарда Биология жне биотехнология факультетінде деканат отырысы өтті. Отырыс барысында жаңадан сайланған, оқу жне оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары ретінде аға оқытушы Даулетбаева Сания Болатовна, сондай-ақ Биотехнология кафедрасы меңгерушісі қызметіне доцент Сарсекеева Фариза Құдайбергеновнаның тағайындалғаны атап өтілді.
Жиналысқа факультет деканы, профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна, ғылыми-инновациялық жұмыс жне халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, доцент м.а. Датхабаева Гаухар Кубеновна, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, доцент м.а. Құсманғазинов Әділ Болатұлы, сондай-ақ кафедра меңгерушілері: профессор Ахтаева Нурсулу Зияхановна, профессор Кустубаева Альмира Мэлсовна, доцент Жунусбаева Жазира Кабуловна, PhD докторы Кегенова Гүлнар Болатқызы қатысты.
Аталған іс-шара факультеттің стратегиялық даму басымдықтарын нақтылау жне халықаралық рейтингтердегі позицияны нығайтуға бағытталған міндеттерді үйлестіру мақсатында өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес, QS жне Times Higher Education (THE) халықаралық рейтингтері аясындағы көрсеткіштерді жақсарту тетіктері талқыланды. Атап айтқанда, білім беру сапасын арттыру, академиялық жне ғылыми өнімділікті күшейту, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты кеңейту, сондай-ақ факультет қызметін жүйелі түрде деректермен сүйемелдеу мәселелеріне назар аударылды.
Талқыланған негізгі бағыттар:
-
білім беру бағдарламаларын жаңғырту жне оқу-әдістемелік жұмыстың сапасын күшейту;
-
ғылыми жарияланымдар белсенділігін арттыру, зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде ілгерілету;
-
сыртқы жне ішкі бағалау көрсеткіштерін тұрақты мониторингтеу (QS, THE индикаторлары);
-
факультетішілік ақпарат алмасуды жетілдіру, ресми сайттағы мазмұнды жүйелеу жне жаңарту;
-
кафедралар мен құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту.
Сонымен қатар күн тәртібінде жауапты бағыттар бойынша лауазымдық функцияларды нақтылау мәселелері пысықталды. Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын іске асыру бағыттары айқындалды.