«Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – Сапалы білім беру» аясында 2026 жылғы 27 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Есеп, талдау және аудит: жаңа технологиялар, сын-қатерлер мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ауқымды ғылыми іс-шара «Қаржы және есеп» кафедрасының жетекші әрі құрметті мүшесі, Жоғары мектептегі «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының негізін қалаушылардың бірі – профессор Сария Баймұханқызының 75 жылдық мерейтойына арналды.
Конференция аясында есеп, талдау және аудит саласындағы цифрлық трансформация, тұрақты даму, жаһандық сын-қатерлер және заманауи ғылыми үрдістер мәселелері жан-жақты талқыланды. Қазақстаннан және шетелдерден келген ғалымдар, практиктер мен жас зерттеушілер бір алаңда бас қосып, мазмұнды әрі нәтижелі пікір алмасу жүргізді.
Бұл күн ғылымға адалдықтың, Ұстаз еңбегіне деген терең құрметтің және академиялық дәстүрлер сабақтастығының жарқын көрінісі болды.
Іс-шара ұйымдастырушылары: Ермекова Ж.Ж., Сартова Р.Б., Аппакова Г.Н., Жунисова Г.Е., Акимбаева К.Т., Арыстамбаева А.З., Исаева А.А.