Халықаралық ғылыми ынтымақтастық және университет инфрақұрылымының әлеуеті
Экономика және бизнес жоғары мектебінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Баймұханова Сария Баймұханқызының 75 жылдық мерейтойына арналған «Есеп, талдау және аудит: жаңа технологиялар, сын-қатерлер және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған конференцияға Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің Самарқанд филиалындағы «Жасыл экономика және тұрақты бизнес» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Пардаева Озода, сондай-ақ оқытушылар Саидмуродов Мамур, Сайдуллаев Аббосжон және Шукурова Нилуфар қатысты.
Қонақтарға қонақжайлығымызды білдіру мақсатында арнайы «ҚазҰУ кампус-тур» ұйымдастырылды. Қонақтар ҚазҰУ-дың жоғары білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы әлеуметтік және қызметтік инфрақұрылымының әлеуетіне жоғары баға беріп, таңданыстарын жасырмады. Олар осы нысандарды аралауға мүмкіндік берген ҚазҰУ басшылығына өз алғыстарын білдірді.