ҚазҰУ ғалымдары Алматы облысының ТЖ департаменті қызметкерлеріне оқу семинарын өткізді — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ ғалымдары Алматы облысының ТЖ департаменті қызметкерлеріне оқу семинарын өткізді

29 қаңтар 2026
ҚазҰУ ғалымдары Алматы облысының ТЖ департаменті қызметкерлеріне оқу семинарын өткізді

2026 жылғы 29 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өкілдері Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үшін оқу семинарын өткізді. Оқытуға Тұрақты даму жне табиғатты ұтымды пайдалану орталығының директоры Касенов М.К., География жне табиғатты пайдалану факультетінің жетекші ғылыми қызметкері Ульман А.А., сондай-ақ Метеорология жне гидрология кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс жне халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Раймбекова Ж.Т. қатысты.

Оқу ТЖ департаментінің базасында өтті жне төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшелерінің басшылық құрамының жне мамандарының геодинамикалық тәуекелдерді бағалау жне басқару саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Дәріс барысында Алматы облысының таулы жне тауалды аймақтарына тән сел, көшкін жне басқа да қауіпті табиғи құбылыстарды қоса алғанда, геодинамикалық үдерістер жөніндегі заманауи ғылыми көзқарастар қарастырылды. Климаттың өзгеруі мен антропогендік қызметтің геодинамикалық үдерістердің жиілігі мен қарқындылығының артуына әсеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға ҚазҰУ ғалымдары жүзеге асырып жатқан ғылыми жобаның негізгі нәтижелері Төлеби ауданының мысалында таныстырылды. Ұсынылған материалдар аумақтардың қауіптілікке бейімділік деңгейін төмендету тәсілдері мен негізгі тәуекел факторларын талдауды қамтып, ТЖ департаменті мамандары тарапынан үлкен қызығушылық пен белсенді талқылауға себеп болды. Кездесу соңында Алматы облысындағы геодинамикалық үдерістер бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу перспективалары, сондай-ақ университет пен төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органдар арасындағы одан әрі ынтымақтастық форматтары талқыланды.

Көшпелі оқыту семинарларын өткізу ҚазҰУ-дың ғылыми нтижелерді университеттен тыс ортаға тарату стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады жне БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер жне ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосады. ҚазҰУ табиғи қауіп-қатерлерге өңірлердің тұрақтылығын арттыру мақсатында тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту жне мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруда.