Erasmus+ ICM бағдарламасы аясындағы академиялық апта — ҚазҰУ

91ý

Erasmus+ ICM бағдарламасы аясындағы академиялық апта

25 маусым 2025
Erasmus+ ICM бағдарламасы аясындағы академиялық апта

Кафедрамыздың оқытушылары Нарбаева С.М. және Турарбек А.Т. Швецияның Вестерос қаласындағы Малардален университетінде (Mälardalen University) өткен Erasmus+ ICM бағдарламасы аясындағы академиялық аптаға қатысты.

Аталған іс-шара маусым айында өтіп, жоғары білім беруді интернационалдандыру, университетаралық серіктестік және академиялық ұтқырлықты дамыту тақырыптарына арналды.

Апта барысында қатысушылар семинарларға, тәжірибелік сабақтарға және пікірталас сессияларына белсенді түрде атсалысты.
Университет оқытушылары ғылыми баяндамаларын ұсынып, халықаралық әріптестермен академиялық байланыстар орнатты. Қызықты презентациялар, әсерлі зертханаларға экскурсиялар мен әртүрлі елдерден келген әріптестермен мазмұнды кездесулер өтті.

Қатысушыларды әсіресе университеттің өндіріс саласымен серіктестігі мен нақты жобаларды оқыту мен зерттеуге енгізу тәсілдері ерекше қызықтырды. Бұл – өз университеттерінде қолдануға болатын тамаша идеялар мен шабыт көзі болды.