ҚазҰУ студенттері Climate Corps 2026 жазғы мектебінде үздік үштікке енді — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ студенттері Climate Corps 2026 жазғы мектебінде үздік үштікке енді

11 тамыз 2026
ҚазҰУ студенттері Climate Corps 2026 жазғы мектебінде үздік үштікке енді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Қазақстан атынан Climate Corps 2026 халықаралық жазғы мектебіне қатысып, инновациялық жобалар байқауында 3-орынды иеленді.

Ауқымды шарада «Метеорология» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенттері Дилназ Нұрланова, Аружан Еркебаева және Мерей Тұрабекова оқу ордасының намысын қорғады. ҚазҰУ командасы байқауда Weather Translation for Disaster Risk Management with AI/ML жобасын таныстырды. Жұмыстың негізгі мақсаты – табиғи апаттар қаупін тиімді басқару үшін ауа райы деректерін, жасанды интеллект (ЖИ) пен машиналық оқыту (ML) әдістерін қолдану. Тартысты өткен халықаралық сайыста қазақстандық студенттер әлемнің түрлі елдерінен келген 20 команда арасынан үздік үштікке енді.

Биылғы жазғы мектепке әлемнің 29 еліндегі 49 университеттен 150 өкіл қатысты. Бес күн бойы қатысушылар климатология, тұрақты даму, жасанды интеллект және инновация саласындағы халықаралық ғалымдар мен сарапшылардың жетекшілігімен білімін шыңдады. Сондай-ақ климаттық деректерді талдауды, машиналық оқыту әдістерін меңгеріп, климаттық тәуекелдерді азайтуға бағытталған практикалық шешімдер әзірледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі