Сегодня с студентами специальности «Государственное и местное управление» состоялось содержательное обсуждение актуальной темы — необходимости конституционных реформ в Республике Казахстан и их влияния на социальную политику государства. — ҚазҰУ

91ý

Сегодня с студентами специальности «Государственное и местное управление» состоялось содержательное обсуждение актуальной темы — необходимости конституционных реформ в Республике Казахстан и их влияния на социальную политику государства.

3 ақпан 2026
Сегодня с  студентами специальности «Государственное и местное управление» состоялось содержательное обсуждение актуальной темы — необходимости конституционных реформ в Республике Казахстан и их влияния на социальную политику государства.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алатын студенттермен  Қазақстандағы конституциялық реформалардың қажеттілігі және олардың әлеуметтік саясатқа ықпалы жан-жақты талқыланды.

Сабақ барысында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейту, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын арттыру және заң үстемдігін нығайту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, конституциялық реформалардың әлеуметтік бағыттағы мемлекетті қалыптастыруға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, халықтың әлжуаз топтарының құқықтарын қорғауға, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін арттыруға тигізетін әсері ерекше атап өтілді.

Жаңартылған конституциялық нормалар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тиімді әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың берік құқықтық негізін қалыптастырады. Мұндай талқылаулар болашақ басқарушы кадрлардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, елде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін терең түсінуге ықпал етеді.

Модератор Смагулов Асқар