Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы студенттері Д.А. Қонаев мұражайына барды — ҚазҰУ

91ý

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы студенттері Д.А. Қонаев мұражайына барды

4 ақпан 2026
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы студенттері Д.А. Қонаев мұражайына барды

 

 

4 ақпанда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 2 курс ирантанушы студенттері эдвайзері А.Ж. Боранбаевамен бірге халқымыздың біртуар ұлы перзенті, көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражай үйі мен мемориалды мұражай-пәтерін тамашалады.

Студенттер бұл мұражайларда Д.А. Қонаевтың өмір жолы және Қазақстанның өткен ғасырдағы тарихына байланысты әртүрлі құжаттармен танысты. Оның өмірінің қилы сәттеріне қатысты ақпаратттармен таныстыратын видеоларды көрді.

Қоғам қайраткерінің өмірінің соңғы 24 жылын өткізген пәтері студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Мұражайда студенттер тарихтың бір парағын ашқандай болды. Жалпы, бұл мұражайды тамашалау студенттерге үлкен әсер қалдырды.