ҚазҰУ-да профессор Павел Тарасов дәріс оқыды: ТДМ 4 және 17 мақсаттары аясында сапалы білім мен ынтымақтастықFarabi University

91ý

ҚазҰУ-да профессор Павел Тарасов дәріс оқыды: ТДМ 4 және 17 мақсаттары аясында сапалы білім мен ынтымақтастық

6 ақпан 2026
ҚазҰУ-да профессор Павел Тарасов дәріс оқыды: ТДМ 4 және 17 мақсаттары аясында сапалы білім мен ынтымақтастық

6 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасында Берлиннің Еркін университетінің (Freie Universität Berlin) профессоры Павел Тарасов дәріс оқыды.

«Палеоортаның ерекшеліктері және Солтүстік Еуразия аңшылар мен терімшілерінің ұзақ мерзімді мәдени өзгерістері: не білеміз және нені білгіміз келеді?» тақырыбындағы дәріс Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 — «Сапалы білім» және №17 — «Мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастық» бағыттарымен үйлесімде ұйымдастырылды.

Іс-шараға барлығы 30 адам қатысты, олардың ішінде 1–3 курс студенттері және профессор-оқытушылар құрамы болды.