ҚазҰУ ғылыми журналдары халықаралық стандарттарға сай — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ ғылыми журналдары халықаралық стандарттарға сай

9 ақпан 2026
ҚазҰУ ғылыми журналдары халықаралық стандарттарға сай

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі ғылыми басылымдар кеңістігінде жетекші орынға ие. Университет қабырғасында бүгінгі таңда 26 ғылыми журнал шығарылады. Бұл басылымдар ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялауға және отандық ғылымды дамытуға бағытталған.

ҚазҰУ-дың 22 ғылыми журналын Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігінің ылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған. Бұл университет журналдарының сапасы мен ғылыми деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

ҚазҰУ басылымдары халықаралық ғылыми қауымдастықта да сұранысқа ие. Университеттің төрт ғылыми журналы Scopus халықаралық дерекқорында индекстелген. Сонымен қатар бес ғылыми журнал Web of Science беделді базасына ұсынылып, әлемдік ғылыми айналымға енген.

ылыми журналдардың басым бөлігі «ҚазҰУ хабаршысы» сериясы аясында жарық көреді. Аталған серияға 17 ғылыми журнал кіреді. Бұдан бөлек, университет «Ашық жүйелер эволюциясының мселелері» атты ғылыми журналды шығарады. Сондай-ақ ҚазҰУ-да жеті халықаралық ағылшын тіліндегі ғылыми журнал басылып, шетелдік зерттеушілермен байланысты нығайтуға ықпал етіп отыр.

Университеттің баспа саласындағы халықаралық серіктестігі бірлескен ғылыми жобалар арқылы да көрініс табуда. Соның бірі – ҚазҰУ қатысуымен шығатын «The New Research of Tuva» журналы. Бұл басылым халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуына серпін беріп келеді.

Сарапшылардың пікірінше, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми журналдары отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жас ғалымдар мен тәжірибелі зерттеушілер үшін сенімді ғылыми алаң қалыптастырып отыр.

 

Журнал атауы

Журналға сілтеме

Университет ғылыми журналдарының халықаралық дерекқорларда индекстелуі

Мақала жіберу сілтемесі

1.

International Journal of Biology and Chemistry 

 

ЖБССҚК

2.

International Journal of Mathematics and Physics 

 

 

ЖБССҚК

 

3.

The New Research of Tuva (бірлескен басылым)

Web of Science

ЖБССҚК

 

4.

ҚазҰУ хабаршысы. Математика, механика және информатика сериясы

ЖБССҚК

 

5.

Physical Sciences and Technology 

ЖБССҚК

6.

ҚазҰУ хабаршысы.  Химия сериясы 

ЖБССҚК

7.

ҚазҰУ хабаршысы. Физика сериясы

 

ЖБССҚК

8.

Ашық жүйелер эволюциясының мселелері журналы

ЖБССҚК

9.

Journal of Problem in Computer Science and Information Technologies

ЖБССҚК

10.

 

ҚазҰУ хабаршысы. Биология сериясы

 

ЖБССҚК

11.

ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы

 

ЖБССҚК

 

12.

ҚазҰУ хабаршысы. География сериясы

 

ЖБССҚК

13.

ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы

 

 

ЖБССҚК

 

14.

ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы

 

ЖБССҚК

15.

ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы

 

ЖБССҚК

16.

ҚазҰУ хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖБССҚК

17.

ҚазҰУ хабаршысы. Философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы

ЖБССҚК

 

18.

ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы

ЖБССҚК

 

19.

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы

 

ЖБССҚК

 

20.

ҚазҰУ хабаршысы. Дінтану сериясы

ЖБССҚК

21.

ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы

 

ЖБССҚК

22.

ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы

ЖБССҚК

 

23.

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы

 

ЖБССҚК

24.

Interdisciplinary Approaches to Medicine

 

 

 

25.

Farabi Journal of Social Sciences

 

 

26.

Global Synergy

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі