- Басты бет
- Жаңалықтар
- ХАБАРЛАНДЫРУ «Төлем қауіпсіздігі»- аясында студенттердің цифрлық ізін азайтуға бағытталған Банк карталары мен жеке деректерді алааяқтардан қорғаудың құпиялары
ХАБАРЛАНДЫРУ «Төлем қауіпсіздігі»- аясында студенттердің цифрлық ізін азайтуға бағытталған Банк карталары мен жеке деректерді алааяқтардан қорғаудың құпиялары
🗓 Өтетін күні: 14.02.2026 ж.
Уақыты: 11:00
📍 Өтетін орны: 106 Аудитория
🎯 Мақсаты:
- Студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, цифрлық төлемдер кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру.
- Цифрлық із ұғымын түсіндіру және оны азайту жолдарын көрсету, әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда жеке ақпаратты шамадан тыс жариялаудың қауіптерін түсіндіру.
- Банк карталары мен төлем жүйелерін қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде екі факторлы аутентификация, қауіпсіз пароль құру, фишингтік сілтемелерді тану.
- Интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлерімен таныстыру (фишинг, смс-алаяқтық, жалған қоңыраулар, әлеуметтік инженерия) және олардан қорғану алгоритмін үйрету.
- Жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру, студенттерге дербес деректердің құндылығын түсіндіру.
- Киберқауіпсіздік бойынша практикалық ұсыныстар беру, күнделікті өмірде қолдануға болатын нақты қорғану қадамдарын үйрету.
Ұйымдастырушылар:
Әлімбай М.М.
Ауганбаев К.К.
Жамбыл А.Б.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!