- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушыларына онлайн форматта әдістемелік семинар өткізілді
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушыларына онлайн форматта әдістемелік семинар өткізілді
2026 жылғы 12 ақпан күні сағат 17:00-де Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында онлайн форматта әдістемелік семинар өтті. Семинарды География және табиғатты пайдалану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шәкен Айман Шәкенқызы және оқыту және білім беру сапасы бойынша академиялық комитетінің төрағасы Ө.Ж. Сағымбай өткізді.
Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы толық қатысты.
Семинар барысында көктемгі семестрдің қорытынды бақылау формалары мен платформаларын таңдау, сондай-ақ қорытынды бақылау бағдарламасына қойылатын талаптар мен оны рәсімдеу тәртібі жан-жақты талқыланды. Қорытынды бақылауды ұйымдастыру кезінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау, бағалау критерийлерінің айқындығы мен мазмұндық сапасына ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша оқытушыларға әдістемелік ұсынымдар беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді.
