ҚазҰУ-да 4-ші Тұрақты даму мақсаты аясында «Қазақтың ғылыми мұрасы: өткеннен болашаққа» атты мұражай күні өтті.Farabi University

91ý

ҚазҰУ-да 4-ші Тұрақты даму мақсаты аясында «Қазақтың ғылыми мұрасы: өткеннен болашаққа» атты мұражай күні өтті.

10 ақпан 2026
ҚазҰУ-да 4-ші Тұрақты даму мақсаты аясында «Қазақтың ғылыми мұрасы: өткеннен болашаққа» атты мұражай күні өтті.

Педагогикалық практика аясында және Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес (ТДМ-4) 2026 жылдың 10 - ақпанда биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Н.Т. Аблайханова, PhD, аға ғылыми қызметкер А.Е. Есенбекованың  жетекшілігімен  ылым академиясының мұражайында отандық ғылымның жетістіктерін танымал етуге, оның ғылыми мұрасын сақтауға және 8D05102 – «Биомедицина» мамандығының 1-курс докторанттары  мен магистранттар арасында зерттеушілік ойлауды дамытуға бағытталған «Қазақтың ғылыми мұрасы: өткеннен болашаққа» атты мұражайлық ғылыми-білім беру іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында ылым академиясының мұражай қызметкерлері қатысушыларды Қазақстан ғылымының тарихына арналған экспонаттармен таныстырды, бірегей мұрағаттық материалдарды ұсынды және отандық ғалымдардың әлемдік ғылымға қосқан үлестерін атап өтті.

 

Бағдарлама келесі іс-шараларды қамтыды:

- ылым академиясы мұражайының Қазақстандағы биологиялық және биотехнологиялық зерттеулердің дамуына арналған көрмесіне тақырыптық экскурсия;

- Қазақстан ғалымдарының әлемдік ғылымға қосқан үлесі және биологиялық зерттеулердегі заманауи үрдістер туралы қысқаша дәріс;

- ылыми мектептердің сабақтастығын көрсететін мұрағаттық материалдардың, ғылыми мақалалардың және экспонаттардың тұсаукесері;

- Магистранттар мен докторанттарға арналған биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновациялардың перспективалары туралы пікірталас сессиясы.

Іс-шараға биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының б.ғ.к., профессоры,  Н.Т. Аблайханованың және  PhD, аға ғылыми қызметкер А.Е. Есенбекованың жетекшілігімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 8D05102 «Биомедицина» мамандығы бойынша оқитын бірінші курс докторанттары және 7M05102 «Биомедицина» мамандығы бойынша оқитын 1 курс магистранттары қатысты.

Бұл іс-шара ғылыми мәдениеттің дамуына және отандық ғылымға деген қызығушылыққа айтарлықтай үлес қосты. Қатысушылар Қазақстанның ғылыми мұрасы туралы білімдерін арттырып, ғылыми зерттеулермен айналысу бойынша практикалық ұсыныстар алды. Сонымен қатар, факультет ресми хабарламалармен расталған ылым академиясының мұражайымен жаңа серіктестік орнатты.

 

Instagram:

Facebook:  

  #SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU, - SDG4: #SDG4 #QualityEducation