Инклюзивті білім беру: баршаға тең мүмкіндіктер — ҚазҰУ

91ý

Инклюзивті білім беру: баршаға тең мүмкіндіктер

10 ақпан 2026
Инклюзивті білім беру: баршаға тең мүмкіндіктер

2026 жылғы 10 ақпанда ОЗТҚП ХжТ кафедрасының оқытушылары - доценттер Уркимбаева П.И., Рахметуллаева Р.К., Токтабаева А.К., Кенесова З.А., аға оқытушылар Махаева Д.Н. жне Аликулов А.Ж. - 2-4 курс студенттерімен «Инклюзивті білім беру: баршаға тең мүмкіндіктер» тақырыбында іс-шара өткізді.

Спикерлер ретінде л-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Инклюзивті орта» орталығының трбие жұмысы бойынша мамандары Сайлауов Асет, Рахимова Аделияханым жне Турлыкожа Темирлан сөз сөйледі.

Іс-шара барысында спикерлер студенттерге инклюзияның мнін түсіндіріп, инклюзия тек денсаулық жағдайына байланысты шектеулермен ғана байланысты емес екенін атап өтті. Инклюзия – р адамға қатысты ұғым, өйткені өмірдің р кезеңінде кез келген адам осал жағдайға тап болуы мүмкін.

Студенттердің ерекше қызығушылығын біріктіруші ойындар мен интерактивті тапсырмалар тудырды. Олар өзара қолдау, құрмет жне тең мүмкіндіктердің маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.

ʵ Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асырумен тікелей байланысты:  ТДМ 4 - Сапалы білім (инклюзивті жне діл білім беруді қамтамасыз ету); ТДМ 10 - Теңсіздікті азайту (баршаға тең мүмкіндіктер жасау); ТДМ 16 - Бейбітшілік, ділдік жне тиімді институттар (құрмет пен төзімділік мдениетін қалыптастыру).

Университетте инклюзивті ортаны қалыптастыру - ділетті рі тұрақты қоғам құру жолындағы маңызды қадам екеніне сенімдіміз.