2026 жылғы 21 ақпанда «Заң мен тәртіп» бастамасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету іс-шарасын ұйымдастырды. — ҚазҰУ

91ý

2026 жылғы 21 ақпанда «Заң мен тәртіп» бастамасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету іс-шарасын ұйымдастырды.

25 ақпан 2026

Іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО) алаңында өтті. Консультациялық жұмысқа кафедра оқытушылары және тәжірибеде жұмыс істейтін адвокаттар қатысып, азаматтарға қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау, сотқа және құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және құқық үстемдігін нығайту. Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсатына – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» қағидаттарына сәйкес келеді.

Кафедра алдағы уақытта да «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған практикалық іс-шараларды жалғастырады.