Конституциялық құндылықтар және жастардың азаматтық жауапкершілігі — ҚазҰУ

91ý

Конституциялық құндылықтар және жастардың азаматтық жауапкершілігі

25 ақпан 2026
Конституциялық құндылықтар және жастардың азаматтық жауапкершілігі

2026 жылдың 19 ақпан күні Евразиялық агро-техникалық колледжі әкімшілігінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің аға оқытушылары Урисбаева А.А. мен Муксинова А.Т. Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған колледж ұстаздары және студенттерімен мазмұнды кездесу өткізді.

 Іс-шараның мақсаты – жастардың конституциялық реформаларға деген құқықтық көзқарасын қалыптастыру, азаматтық белсенділігін арттыру және ел дамуына қатысты маңызды өзгерістерді жан-жақты түсіндіру болды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасының негізгі бағыттары, мемлекеттік билік тармақтарының қызметі, адам және азамат құқықтарының қорғалуы, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.

 Студенттер өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, конституциялық құндылықтардың қоғамдағы рөлі жөнінде пікір алмасты. Ашық диалог алаңы жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және жауапты азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етті.

 Мұндай кездесулер – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту жолындағы маңызды қадам. Жастардың ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуы – тұрақты дамудың кепілі.

Колледж ұжымына, директор орынбасары Құттымұратова Құралай Бисенқызына алғысымызды білдіреміз