Мәдени-танымдық іс-шараFarabi University

91ý

Мәдени-танымдық іс-шара

4 ақпан 2026
Мәдени-танымдық іс-шара

2026 жылғы 4 ақпанда заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Қ.А. Бахманова 208-топ студенттерімен бірлесіп Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» аясында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры базасында мәдени-танымдық іс-шараға қатысты.

Іс-шара кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангелдиевнаның қолдауымен ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара барысында студенттер ұлттық рухты, тарихи жад пен халықтың мәдени бірегейлігін терең ашып көрсететін «Құлагер» театр қойылымын тамашалады. Қойылым мазмұны студенттердің тұрақты рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ өнерді эстетикалық тұрғыдан қабылдау қабілетін жетілдіруге бағытталды.

Өткізілген іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор болды, білім алушылардың мәдени дүниетанымын кеңейтуге ықпал етіп, олардың эмоциялық-интеллектуалдық дамуына айтарлықтай әсер етті.