Алғыс айту күніне арналған іс-шара — ҚазҰУ

91ý

Алғыс айту күніне арналған іс-шара

26 ақпан 2026
Алғыс айту күніне арналған іс-шара

2026 жылғы 26 ақпанда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Қуаналиева мен 128-топтың эдвайзері Р.Т. Бектұрсынның ұйымдастыруымен 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған тәрбиелік маңызы зор іс-шара өтті.

Іс-шара барысында студенттер ата-аналарына, ұстаздарына және өмір жолында қолдау көрсеткен жандарға шынайы алғыстарын білдірді. Жастар ризашылық мәдениетінің тек әдеп нормасы емес, қоғамдық келісім мен өзара құрметтің негізі екенін атап өтті. Алғыс айту — қоғамды біріктіретін рухани көпір екені ерекше айтылды.

Аталған бастама Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттарымен, соның ішінде ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» бағытымен үйлесім табады. Өйткені қоғамдық татулық, сенім және әлеуметтік тұрақтылық ең алдымен адамдар арасындағы өзара сыйластық пен ризашылықтан басталады.

Мұндай іс-шаралар студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, болашақта әділетті әрі бейбіт қоғам қалыптастыруға үлес қосатын құндылықтарды нығайтады. Алғыс айтуды дәстүрге айналдырған ортада сенім де, тұрақтылық та ұзақ өмір сүреді.