Қалдықтарды қайта өңдеу – жасыл экономиканың қозғаушы күші
2026 жылғы 25 ақпанда «Экономика» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Қалдықтарды қайта өңдеу – жасыл экономиканың қозғаушы күші» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында студенттер жасыл экономиканың негізгі бағыттарын, қалдықтарды қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін, ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық артықшылықтарын, сондай-ақ Қазақстандағы қалдықтарды басқару жүйесінің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады.
Студенттер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, тұрақты дамуға (ТДМ 7, 11, 12) қол жеткізудегі әрбір азаматтың рөлі маңызды екенін атап өтті. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды ұтымды пайдалану және жасыл экономиканы дамыту бағытында өз көзқарастарын қалыптастырып, экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетті.
Таза қоршаған орта – тұрақты болашақтың кепілі!
Куратор: Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар