«Климат өзгерсе, менің өмірім қалай өзгереді?» атты дөңгелек үстел
Экономика білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Климат өзгерсе, менің өмірім қалай өзгереді?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде студенттердің климаттың өзгеруі мәселелері туралы білімін арттыру, оның экономикалық, әлеуметтік жне экологиялық салдарын түсіндіру, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын насихаттау жүргізілді. Шара барысында студенттер климат өзгеруінің себептері мен салдарын, оның экономикаға, халықтың өмір сүру сапасына жне болашақ мамандықтарға әсерін, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қажеттілігін жне климаттық өзгерістер жағдайында тұрақты дамудың (ТДМ 6, 13, 14, 15) маңыздылығы талқыланды.
Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, климаттың өзгеруі әрбір адамның өміріне тікелей әсер ететін маңызды жаһандық мәселе екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау жне экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру – тұрақты болашақтың негізі екенін көрсетті. Іс-шара студенттердің экологиялық санасын арттыруға, олардың климаттық өзгерістерге бейімделу жне оны азайту жолдары туралы көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Климатқа жауапкершілікпен қарау – болашаққа жасалған маңызды қадам!
Кураторлар Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.
Басқа жаңалықтар