Тарих пен тұлға тағылымы - ұрпаққа өнеге — ҚазҰУ

91ý

Тарих пен тұлға тағылымы - ұрпаққа өнеге

27 ақпан 2026
Тарих пен тұлға тағылымы - ұрпаққа өнеге

Экономика бағдарламасының студенттері 2026жылдың ақпан айында танымдық іс-шара ұйымдастырып, көрнекті ғалым, академик, қоғам қайраткері Өмірбек Арсланұлы Жолдасбеков туралы «На изломе эпох» атты деректі фильмді тамашалады. Аталған фильмде Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына зор үлес қосқан, университет қалашығының қалыптасуына және алғашқы кірпішінің қалануына жетекшілік еткен тұлғаның ерен еңбегі жан-жақты көрсетілді. Сонымен қатар, оның университет ректоры ретінде білім мен ғылымды дамытудағы қажырлы қызметі, көреген басшылығы және ел болашағы үшін атқарған маңызды істері баяндалды.

Фильм арқылы студенттер академиктің еңбекқорлығы, табандылығы және ғылымға деген адалдығы туралы құнды мағлұмат алды. Оның өмір жолы мен атқарған еңбегі қазіргі жастар үшін үлкен өнеге болып табылады. Осындай тұлғалардың саналы ғұмыры мен ел дамуына қосқан үлесі студенттердің бойында білімге деген жауапкершілікті және ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастырады.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – Сапалы білім, 11-мақсаты – Тұрақты қалалар мен елді мекендер және 16-мақсаты – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар бағыттарымен үндеседі.

Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың тұлғалық дамуына оң әсер етіп, олардың болашаққа деген сенімін арттырады.

Ұйымдастырушылар: Андабаева Г.К., Тұраров Д.Р.