«Буллинг жне кибербуллингке қарсымыз» — ҚазҰУ

91ý

«Буллинг жне кибербуллингке қарсымыз»

27 ақпан 2026
«Буллинг жне кибербуллингке қарсымыз»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің плазма физикасы, нанотехнологиялар жне компьютерлік физика кафедрасында «Біз буллинг пен кибербуллингке қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара студенттер арасында қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыруға жне академиялық мәдениетті дамытуға бағытталды. Дөңгелек үстелді кафедра кураторлары — ассистент-профессор А.У. Өтегенов, қауымдастырылған профессор С.А. Оразбаев, сондай-ақ 1-курс докторанттары Б. Қырықбай мен Ш. Ануарбек ұйымдастырды. Іс-шараға «Физика жне нанотехнология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері, кафедра оқытушылары мен кураторлар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің буллинг пен кибербуллинг мәселелері туралы хабардарлығын арттыру, өзара құрметке негізделген академиялық мәдениетті қалыптастыру жне қауіпсіз білім беру ортасын дамыту болды. Қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілердің кеңінен қолданылуына байланысты кибербуллинг мәселесі жастар мен студенттер арасында ерекше өзектілікке ие. Осыған байланысты кездесуде психологиялық қысымның алдын алу, сенім мен өзара қолдау атмосферасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар буллинг жне кибербуллинг ұғымдарының мәнін, олардың негізгі белгілерін, көрініс формаларын жне студенттердің психологиялық әл-ауқатына ықтимал әсерін талқылады. Университеттік ортада кездесетін нақты жағдайлар қарастырылып, академиялық топтардағы психологиялық қысым, әлеуметтік желілердегі келемеждеу немесе қорлайтын пікірлер, сондай-ақ ғылыми жұмыстарға қатысты орынсыз сын мәселелері талданды. Сонымен қатар STEM саласындағы жасырын буллинг түрлеріне — академиялық элитизмге, тілдік дискриминацияға жне гендерлік стереотиптерге ерекше көңіл бөлінді. Мұндай құбылыстар студенттердің академиялық мотивациясына жне өзіне деген сеніміне кері әсер етуі мүмкін екендігі атап өтілді.

Талқылау барысында академиялық қауымдастықтың қақтығыстардың алдын алудағы жне өзара құрмет мәдениетін қалыптастырудағы рөлі қарастырылды. Оқытушылар мен докторанттар студенттер мен оқытушылар арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын, мәселелерді дер кезінде анықтау мен академиялық топтарда қолдау мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстелдің практикалық бөлімінде қатысушыларға буллинг жне кибербуллинг жағдайларына байланысты кейс-тапсырмалар ұсынылды. Студенттер түрлі жағдайларды талдап, психологиялық қысымға тап болған жағдайда әрекет ету алгоритмдерін талқылады. Сонымен қатар студенттерге өз құқықтарын қорғау тетіктері түсіндірілді: дәлелдерді тіркеу, университеттің Академиялық кодексіне сүйену, кураторларға, оқытушыларға немесе университет психологтарына жүгіну мүмкіндігі қарастырылды.

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру академиялық қауымдастықтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Студенттер оқу үдерісінде өзара құрмет, қолдау жне толеранттылық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын, сондай-ақ дискриминация мен психологиялық қысымның кез келген түріне қарсы тұру қажеттігін білдірді.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға да үлес қосады. Атап айтқанда, бастама ТДМ 3 — «Жақсы денсаулық жне әл-ауқат» мақсатына сәйкес келеді, себебі ол студенттердің психологиялық денсаулығы мен эмоционалдық әл-ауқатын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар гендерлік теңдік мәселелерін талқылау ТДМ 5 — «Гендерлік теңдік» мақсатына сәйкес келеді. Әлеуметтік теңсіздік пен дискриминацияның алдын алу ТДМ 10 — «Теңсіздікті азайту» мақсатына ықпал етеді. Ал академиялық адалдық, әділдік жне өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру ТДМ 16 — «Бейбітшілік, әділдік жне тиімді институттар» мақсатымен тығыз байланысты.

Осылайша, өткізілген дөңгелек үстел факультеттің тәрбиелік жне білім беру жұмысының маңызды бөлігіне айналып, студенттер үшін қауіпсіз, инклюзивті жне қолдаушы академиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.