"География және су қауіпсіздігі институты" АҚ басқарма төрағасы Медеу Ақметқал Рахметоллаұлы география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының География БББ студенттерімен кездесу өткізді. — ҚазҰУ

91ý

"География және су қауіпсіздігі институты" АҚ басқарма төрағасы Медеу Ақметқал Рахметоллаұлы география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының География БББ студенттерімен кездесу өткізді.

13 ақпан 2026
"География және су қауіпсіздігі институты" АҚ басқарма төрағасы Медеу Ақметқал Рахметоллаұлы география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының География БББ студенттерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында институттың негізгі ғылыми бағыттары, су қауіпсіздігі мәселелері, климаттың өзгеруі жағдайындағы су ресурстарын тиімді басқару, сондай-ақ еліміздегі гидрологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды. Басқарма төрағасы студенттерге ғылыми-зерттеу қызметінің маңыздылығын атап өтіп, жас мамандарды ғылыммен айналысуға, заманауи геоақпараттық технологияларды меңгеруге шақырды.

Сонымен қатар, өндірістік тәжірибеден өту, ғылыми жобаларға қатысу және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат берілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби бағыт-бағдар алды.

Кездесу болашақ географ мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп, ғылым мен білім арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.