«SMART NATIONS: Жасанды интеллект және цифрлық экономика» тақырыбында дөңгелек үстел өтті — ҚазҰУ

91ý

«SMART NATIONS: Жасанды интеллект және цифрлық экономика» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2 наурыз 2026
«SMART NATIONS: Жасанды интеллект және цифрлық экономика» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

2026 жылы 27 ақпанда Экономика кафедрасы «SMART NATIONS: Жасанды интеллект және цифрлық экономика» атты халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел отырысын өткізді. Жиын барысында қазіргі таңдағы цифрлық трансформацияның экономикалық өсімге әсері және смарт-технологияларды мемлекеттік басқару ісіне енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстелге Zoom платформасы арқылы Астана қаласы, Түркия және Ұлыбритания елдерінен арнайы магистрант-спикерлер қосылып, жасанды интеллектің жаһандық трендтері мен цифрлық экономиканың даму бағыттары бойынша өз зерттеулерін ұсынды. Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы жасанды интеллект көмегімен әзірленген бейнеролик көрсетіліп, заманауи технологиялардың мүмкіндіктері іс жүзінде көрініс тапты. Іс-шараға қатысушылар еркін пікір алмасып, тақырып аясындағы сауалдарын ортаға салып талқылады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: 7М04102 -Экономика мамындығының магистранттары, 6B04103-Экономика мамандығының 1 курс қазақ және орыс тобы, кафедра меңгерушісі, профессор Даулиева Г.К., аға оқытушы Әбілда С.К.