Конституциялық жаңғыру: халық таңдауы – ел болашағы

2026 жылғы 3 наурыз күні, сағат18.00 №16-студенттер үйінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Конституциялық жаңғыру: халық таңдауы – ел болашағы» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға университеттің Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., PhD докторант Қанат Алихан арнайы қатысып, мазмұнды дәріс-сұхбат жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге Қазақстандағы конституциялық жаңғыру үдерісінің мәні мен маңызын, референдум институтының құқықтық табиғатын түсіндіру, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңіндегі басым бағыттарды талқылау болды.
Алихан Қанат өз сөзінде Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің стратегиялық даму бағытын айқындайтын негізгі құқықтық құжат екенін атап өтті. Конституциялық жаңғыру – заман талабына сай саяси жүйені жетілдірудің, экономикалық және әлеуметтік институттарды жаңартудың маңызды тетігі екеніне ғылыми тұрғыдан талдау жасады.
Әсіресе студенттерді конституциялық өзгерістердің адами капиталды дамытуға, білім сапасын арттыруға ықпалы, сондай-ақ Ұлттық құрылтай институтының конституциялық-саяси маңызы ерекше қызықтырды. Сонымен қатар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды әрі нақты жауаптар алды. Қорытындысында қатысушылар спикерге алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудағы рөлі зор екенін атап өтті.
Экономика және бизнес жоғары мектебінің
әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі
декан орынбасары И.У.Кулиев
Басқа жаңалықтар