Су – өмірдің бастауы тақырыбында ашық сабақ өтті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы Семендерова Гулшат Базарбаевна 2026 жылғы 4 наурызда 6В07304 – «Кадастр» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен су ресурстарын қорғау тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 13-мақсаты – «Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл» және 14-мақсаты – «Теңіздер мен мұхиттарды сақтау» бағыттарының өзектілігі жан-жақты талқыланды. Студенттер су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.
Практикалық бөлімде білім алушылар топтық жұмыс жүргізіп, су ресурстарын қорғау тақырыбында постерлер әзірлеп, өз жобаларын қорғады. Олар су көздерін сақтау, суды үнемді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бағытында нақты ұсыныстар ұсынды.
Ашық сабақ студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға және тұрақты даму қағидаттарын терең түсінуге бағытталды.
Басқа жаңалықтар