ЮНИСЕФ – балалықтың 80 жылдық шамшырағы! — ҚазҰУ

91ý

ЮНИСЕФ – балалықтың 80 жылдық шамшырағы!

24 ақпан 2026
ЮНИСЕФ – балалықтың 80 жылдық шамшырағы!

Биыл ЮНИСЕФ өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде. Сегіз онжылдық бойы бұл ұйым балалардың құқығын қорғап, оларға қамқорлық көрсетіп, қолдау білдіріп, әрбір баланың жарқын болашағы үшін жаһандық бастамаларды жүзеге асырып келеді.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Дарханова С.Д. заң факультетінің 1 курс студенттерімен, «Аманат» студенттік клубының мүшелерімен бірге осы айтулы датаға арналған салтанатты шараға қатысты.

Бұл кеш — студенттер үшін жай ғана мерекелік жиын емес, олардың жүрегінде із қалдырған тағылымды сәт болды. Олар бала құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарының маңызын тереңірек түсініп, гуманитарлық ұйымдардың қоғамдағы айрықша рөлін сезініп, құқықтық мемлекеттің құндылығын жаңаша пайымдады.

ЮНИСЕФ — 80 жылдық үміт пен сенімнің, әділдік пен адамзатқа деген жанашырлықтың символы.
Ал болашақ заңгерлер үшін бұл — қоғамға адал қызмет етудің, ең әлсіз әрі қорғансыз жандардың құқығын қорғаудың асыл миссиясын еске салатын өнегелі белес.