Экологиялық қауіпсіздік - халықаралық қатынастардың факторы — ҚазҰУ

91ý

Экологиялық қауіпсіздік - халықаралық қатынастардың факторы

2 наурыз 2026
Экологиялық қауіпсіздік -  халықаралық қатынастардың факторы

Факультет оқытушылары Ж.С. Жунисов, Д.У. Байтукаева, Г.А. Апсаттарова және 2-3 курс студенттерінің қатысуымен қазіргі кезеңдегі экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлін талқылау, мемлекеттердің экологиялық саясаттағы өзара ынтымақтастығын қарастыру және жаһандық экологиялық проблемаларды шешудегі халықаралық құқықтың маңызын анықтау, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметін және мемлекеттердің жауапкершілігін саралау мақсатында ұйымдастырылған «Экологиялық қауіпсіздік халықаралық қатынастардың факторы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз кезегінде экологиялық қауіпсіздікке қатысты климаттың өзгеруі, су ресурстарының тапшылығы, ормандардың жойылуы, атмосфера мен мұхиттардың ластануы секілді мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты пікірлер алмасылып, халықаралық ынтымақтастықтың маңызы  айқындалады және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасалады. 
Осы іс-шарада қатысушылар өздерінің экологиялық мәдениеті мен жаһандық жауапкершілік түсінігін қалыптастыра алды.
Дөңгелек үстелде экологиялық қауіпсіздік мәселесінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар экологиялық проблемалардың жаһандық сипатқа ие екенін және оларды шешу үшін мемлекеттердің бірлескен әрекеті қажет екенін атап өтті.