- Басты бет
- Жаңалықтар
- Дінтану және мәдениеттану кафедрасы магистранттарының зерттеу практикасы аяқталды
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы магистранттарының зерттеу практикасы аяқталды
2025–2026 оқу жылының екінші жартысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетіне қарасты Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2-курс магистранттары зерттеу практикасын өтті. Практикаға «Дінтану», «Исламтану» және «Мәдениеттану» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан магистранттар қатысты.
Зерттеу практикасы Халықаралық ғылыми-мәдени мұраларды зерттеу орталығы базасында ұйымдастырылып, оған қауымдастырылған профессор Жамашев Азамат Шүтбайұлы жетекшілік етті.
Практика барысында магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерімен танысып, мәдени және діни мұраларды зерттеу бағытындағы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Сонымен қатар олар ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, дереккөздерді талдау, ғылыми зерттеу нәтижелерін жүйелеу және ғылыми мақалалар дайындау дағдыларын жетілдірді.
Аталған зерттеу практикасы 2026 жылғы 5 наурызда өз мәресіне жетіп, магистранттар практика бағдарламасын толық аяқтады. Практика нәтижесінде магистранттар ғылыми-зерттеу тәжірибесін жетілдіріп, дінтану және мәдениеттану салаларындағы кәсіби құзыреттерін нығайтты.
Қауымдастырылған профессор Жамашов А.Ш, философия докторы Жүзей М.А, 2 курс магистрант Маликов С.Б.
Басқа жаңалықтар