«Invest in Nature» – «жасыл» инвестициялар және эко-стартаптарды қаржыландыру жолдары — ҚазҰУ

91ý

«Invest in Nature» – «жасыл» инвестициялар және эко-стартаптарды қаржыландыру жолдары

10 наурыз 2026
«Invest in Nature» – «жасыл» инвестициялар және эко-стартаптарды қаржыландыру жолдары

География және табиғатты пайдалану факультетінде, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ұйымдастыруымен экология мамандығының студенттеріне арналған «Invest in Nature» – «жасыл» инвестициялар және эко-стартаптарды қаржыландыру жолдары тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті кафедраның аға оқытушысы Мухитдинов А.М. жүргізді.

Дәріс барысында «жасыл» инвестициялардың маңызы, олардың тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлі, сондай-ақ экологиялық бағыттағы стартаптарды дамыту мен қаржыландырудың заманауи тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар студенттерге «жасыл» экономика қағидаттары, экологиялық жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері және табиғатты қорғауға бағытталған инновациялық бастамалардың маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. 

Іс-шара барысында экологиялық кәсіпкерлікті дамыту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жаңа жобаларды қолдау мәселелері талқыланды. Студенттер тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Аталған дәріс болашақ эколог мамандардың кәсіби білімін кеңейтіп, тұрақты даму қағидаттарын терең түсінуге және экологиялық инновациялар саласында жаңа бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік берді.