«Метеорология және гидрология оқу бағдарламалары үшін GenAI құралдарын қолдану арқылы оқу-әдістемелік кешенін редизайн жасау» атты вебинар өтті — ҚазҰУ

91ý

«Метеорология және гидрология оқу бағдарламалары үшін GenAI құралдарын қолдану арқылы оқу-әдістемелік кешенін редизайн жасау» атты вебинар өтті

6 наурыз 2026
«Метеорология және гидрология оқу бағдарламалары үшін GenAI құралдарын қолдану арқылы оқу-әдістемелік кешенін редизайн жасау» атты вебинар өтті

6 наурыз күні Метеорология және гидрология кафедрасының ұйымдастыруымен «Метеорология және гидрология оқу бағдарламалары үшін GenAI құралдарын қолданып, оқу-әдістемелік кешенін редизайн жасау» тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинарды кафедра профессоры Полякова Светлана Евгеньевна жүргізді. Іс-шара барысында оқу-әдістемелік кешеннің негізгі компоненттерін, атап айтқанда силлабус, дәріс материалдары, лабораториялық және семинарлық сабақтар, СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ тапсырмалары, сондай-ақ қорытынды емтихан бағдарламаларын жасанды интеллект көмегімен қайта өңдеу және жаңарту (редизайн жасау) жолдары таныстырылды. 


Сонымен қатар GenAI құралдарын тиімді қолдану арқылы gem-бот құру, сапалы промт жазу, дәрістерге арналған презентациялар дайындау және оқу материалдарын әзірлеуге арналған арнайы платформалар туралы кеңінен ақпарат берілді.

Вебинар соңында оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Қатысушылар келесі оқу жылына арналған оқу-әдістемелік кешендерді жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып әзірлеу бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтармен танысты.

Осындай іс-шаралар білім беру үдерісіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге және оқу бағдарламаларының сапасын арттыруға ықпал етеді.