- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінде AI-Sana бағдарламасы туралы студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
География және табиғатты пайдалану факультетінде AI-Sana бағдарламасы туралы студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
2026 жылғы 11–13 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде студенттерге арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Кездесулер жоғары білім беру жүйесіндегі цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне, сондай-ақ AI-Sana бағдарламасын іске асыруға арналды.
Іс-шара аясында факультет деканының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Шәкен А.Ш. студенттерге AI-Sana мемлекеттік бастамасын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл бағдарлама жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істеу дағдылары мен заманауи цифрлық құзыреттерге ие мамандарды даярлауға бағытталған. 
Студенттерге цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясат, 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы, сондай-ақ білім алушылардың AI-Sana Academy білім беру платформасына қатысу мүмкіндіктері және жасанды интеллекттің заманауи бағыттары бойынша оқудан өту туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесу барысында «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу басталатыны атап өтілді. Бағдарлама жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамытуға және DeepTech-стартаптарды іске қосуға бағытталған бірегей акселерациялық бастама болып табылады. Оқыту бағдарламасы әлемнің жетекші университеттері — Stanford және MIT сарапшыларының, сондай-ақ Кремний алқабының инвестициялық қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өтетін практикалық сабақтарды қамтиды.
Бағдарлама қатысушылары жасанды интеллекттің негізгі қағидаларынан бастап Google Colab ортасында Python тілінде код жазуға дейінгі практикалық дағдыларды меңгере алады. Сонымен қатар олар технологиялық кәсіпкерлік, инновациялық жобаларды талдау және стартап-идеяларды әзірлеу саласында құзыреттерге ие болады. 
Бағдарламада энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, қаржы және білім беру салаларындағы нақты салалық кейстермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Оқытудың қорытындысы ретінде capstone-жоба дайындалады, ол стартапты дамытуының 12 кезеңі бойынша 240 негізгі сұрақты талдауды қамтиды. Ең үздік жобалар Peer Gallery платформасында ұсынылып, олардың авторлары Alem.AI инновациялық экожүйесінің резиденті болу мүмкіндігіне ие болады
География және табиғатты пайдалану факультеті цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған мемлекеттік бастамаларды қолдайды және студенттердің заманауи цифрлық құзыреттер мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған білім беру және инновациялық бағдарламаларға белсенді қатысуына қолдау көрсетеді. 
Басқа жаңалықтар