Студенттерге Конституциялық өзгерістер жөнінде түсініктеме берілді — ҚазҰУ

91ý

Студенттерге Конституциялық өзгерістер жөнінде түсініктеме берілді

12 наурыз 2026
Студенттерге Конституциялық өзгерістер жөнінде түсініктеме берілді

Метеорология және гидрология кафедрасының «Метеорология» мамандығының 3-курс студенттеріне Конституциядағы жаңартулар туралы ақпарат берілді. Оқушыларға алдағы референдум, жаңа Конституцияның негізгі мақсаттары мен енгізілетін басты өзгерістер туралы қысқаша мәлімет ұсынылды.

Референдум – бұл халықтың маңызды мемлекеттік мәселелер бойынша тікелей дауыс беруі. Қазақстанда жақын арада республикалық референдум өткізу жоспарланып отыр. Онда азаматтар жаңа Конституцияны қабылдау немесе қабылдамау туралы өз таңдауын жасайды.

 Конституцияның негізгі мақсаттары:

  • мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту;
  • Парламент құрылымын өзгерту;
  • адам құқықтарын күшейту;
  • саяси жүйені реформалау;
  • экологиялық, цифрлық және әлеуметтік құқықтарды нығайту.

Қорытындылай келе, референдум – халықтың елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға тікелей қатысуының маңызды жолы.