- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Таза Қазақстан: заңнамалық құралдар арқылы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру» акциясы туралы есеп
«Таза Қазақстан: заңнамалық құралдар арқылы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру» акциясы туралы есеп
2026 жылғы 12 наурызда БҰҰ ТДМ-15 аясында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан: заңнамалық құралдар арқылы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында экологиялық акция өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық білімді арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарау қағидаттарын насихаттау.
Аталған іс-шараны кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Куаналиева Г.А., сондай-ақ кафедра оқытушылары А.А. Есекеева мен Г.К. Рашева өткізді.
Акция барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негізгі бағыттары түсіндірілді, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылар экологиялық құқықтық реттеу, табиғатты қорғау заңнамасы және азаматтардың экологиялық құқықтары мен міндеттері жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға оқытушылар тарапынан толық түсіндірмелер берілді.