- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-11, ТДМ-13 және ТДМ-15 шеңберінде Құдайбергенов Мұратбек Қасымбекұлының докторлық диссертациясын алдын ала қорғау
ТДМ-11, ТДМ-13 және ТДМ-15 шеңберінде Құдайбергенов Мұратбек Қасымбекұлының докторлық диссертациясын алдын ала қорғау
2026 жылғы 11 наурыз күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінде Картография және геоинформатика кафедрасының кеңейтілген отырысы өтті. Аталған отырыс аясында «6D071100 – Геодезия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға үміткер Құдайбергенов Мұратбек Қасымбекұлының диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауы өткізілді.
.jpeg)
Диссертация тақырыбы:
«Гравитациялық процестердің қауіптілік дәрежесі бойынша аумақтарды геоэкологиялық аудандастырудың геодезиялық негіздемесі».
Зерттеу жұмысы келесі Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге үлес қосады:
ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер, аумақтардың қауіпсіздігін арттыруға және табиғи процестердің тәуекелдерін төмендетуге бағытталған;
ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес, табиғи қауіпті процестерді бағалау мен мониторинг жүргізу және олардың аумақтық дамуға әсерін зерттеу тұрғысынан;
ТДМ 15 – Құрлық экожүйелерін сақтау, жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен табиғи ландшафттардың деградациясын болдырмауды қамтиды.
Диссертациялық зерттеу тақырыбы сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеңістіктік және өңірлік дамуының стратегиялық құжаттарына сәйкес келеді, соның ішінде:
2030 жылға дейінгі елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасы, аумақтарды тұрақты және қауіпсіз игерудің ғылыми негіздерін қарастырады;
Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасы, өңірлердің тұрақтылығын арттыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және табиғи қауіпті процестер тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Картография және геоинформатика кафедрасында орындалған.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жетекшілері:
– отандық ғылыми кеңесші – техника ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Касымканова;
– шетелдік ғылыми кеңесші – профессор Samuel B. Mukasa, State University of New York (АҚШ).
Диссертациялық жұмыстың рецензенттері:
– техника ғылымдарының докторы, профессор Т.П. Пентаев – «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының профессоры, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы, Қазақстан);
– техника ғылымдарының докторы, профессор Е.С. Орынғожин – Картография және геоинформатика кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан).
Отырыс барысында ізденуші диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелерін ұсынып, тақырыптың өзектілігін, ғылыми жаңалығын, теориялық және практикалық маңыздылығын негіздеді. Диссертацияның негізгі қағидалары мен қорытындылары, сондай-ақ жүргізілген зерттеулердің нәтижелері таныстырылды.
Ізденушінің баяндамасынан кейін рецензенттер мен ғылыми кеңесшілердің пікірлері тыңдалды. Талқылау барысында отырысқа қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ізденуші оларға толық жауап берді. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы және олардың геодезиялық және геоэкологиялық зерттеулерді дамытудағы практикалық маңызы атап өтілді.
Талқылау нәтижесінде Картография және геоинформатика кафедрасының кеңейтілген отырысы Құдайбергенов Мұратбек Қасымбекұлының диссертациялық жұмысын «6D071100 – Геодезия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғауға ұсыну жөнінде ұсыныс жасады.
Алдын ала қорғауға келесі ұйымдардың өкілдері мен тыңдаушылары қатысты:
-
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті КЕАҚ
-
Ұлытау университеті КЕАҚ
-
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
-
Д.А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институты, «Жер қойнауын кешенді игеру» бөлімі
-
Геосаулет-С ЖШС
-
Ионосфера институты ЖШС
-
АШАІМИ ШЖҚ РМК
Аталған ғылыми және өндірістік ұйымдар өкілдерінің қатысуы ғылыми пікір алмасуға және кәсіби тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар