Тұрақты даму мақсаттары аясында ұлттық мәдени мұраны дәріптеуFarabi University

91ý

Тұрақты даму мақсаттары аясында ұлттық мәдени мұраны дәріптеу

4 наурыз 2026
Тұрақты даму мақсаттары аясында ұлттық мәдени мұраны дәріптеу

1. Тұрақты даму мақсаты (ТДМ)

Философия және саясаттану факультеті бакалавр студенттерімен бірге ұйымдастырылған мәдени-танымдық іс-шара Тұрақты дамудың 11-мақсаты – “Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар” аясында өтті. Бұл мақсат мәдени мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың мәдени сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған.

2. Іс-шараның атауы

«Ұлттық мәдени мұра және рухани құндылықтар» атты танымдық экскурсия

3. Күні мен форматы

2026 жылдың 4 наурыз / оффлайн

4. Өткізуші

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Іс-шара жетекшісі:

Қарлығаш Борбасова философия.ғ.д. профессоры,
PhD., доцент м.а. Мұқан Нұрзат

Ұйымдастырушы:

Дінтану мамандығының 1 курс магистранты Зинатов Асқар

5. Іс-шараның өтетін орны

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі (Алматы қаласы)

6. Іс-шараның мақсаты

Экскурсияның мақсаты – білім алушыларды Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасымен таныстыру, ұлттық өнердің қоғамдағы маңызын түсіндіру және жастардың мәдени-рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, студенттердің мәдени мұраны сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу жөніндегі жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

7. Қысқаша мазмұны

2026 жылдың ақпан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің бакалавр студенттері Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейіне танымдық экскурсияға барды.

Экскурсия барысында студенттер қазақ және әлемдік бейнелеу өнерінің бірегей туындыларымен танысты. Музей экспозицияларында Қазақстан суретшілерінің шығармалары, тарихи тақырыптағы картиналар, ұлттық мәдениетті бейнелейтін өнер туындылары ұсынылды.

Студенттерге музей қызметкерлері қазақ бейнелеу өнерінің даму тарихы, белгілі суретшілердің шығармашылығы және олардың қоғамдағы мәдени маңызы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, экскурсия барысында мәдени мұраның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі және қазіргі қоғамдағы маңызы талқыланды.

8. Қатысушылар саны

студенттер: 20
оқытушылар: 1

9. Нәтижелер мен әсер

Аталған іс-шара студенттердің мәдени және тарихи мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Экскурсия барысында білім алушылар ұлттық өнердің құндылығын түсініп, мәдени мұраны сақтау мен қорғаудың маңыздылығын ұғынды.

Сонымен қатар, бұл іс-шара студенттердің мәдениет саласындағы білімін кеңейтіп, олардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және ұлттық мәдениетке құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Іс-шара&Բ;Тұрақты дамудың 11-мақсаты – “Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар” аясында мәдени мұраны сақтау және қоғамда мәдени құндылықтарды насихаттау бағытында маңызды тәжірибелік алаң болды.