Референдум — ҚазҰУ

91ý

Референдум

13 наурыз 2026
Референдум

         15 наурыз күні өтетін республикалық референдум қарсаңында рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Ү.Т. Көшкімбаева мен С.А. Момынов студенттермен азаматтық қатысу мәселелері мен референдумның қоғам өміріндегі маңызына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
          Іс-шара барысында студенттерге референдумның тікелей демократияның маңызды құралдарының бірі екендігі, оның азаматтарға маңызды мемлекеттік мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретіні түсіндірілді. Оқытушылар студенттермен референдум өткізу тәртібін талқылап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының дауыс беруге қатысу құқығы бар екенін еске салды.
     Кездесу барысында жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Студенттерге қоғамдық маңызы бар оқиғаларға қатысу – елдің болашағына жауапкершілік танытып, өз азаматтық құқықтарын жүзеге асырудың бір жолы екендігі атап өтілді.