- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Eco-Lawyer» кездесуі: болашақ мамандарға экологиялық заңнаманың маңызы түсіндірілді.
«Eco-Lawyer» кездесуі: болашақ мамандарға экологиялық заңнаманың маңызы түсіндірілді.
2026 жылғы 11 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» іс-шаралар жоспары аясында «Eco-Lawyer» атты танымдық кездесу өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Қазақстанның жаңа Экологиялық кодексін түсіндіру: студенттерге не білу керек?» болды.
Аталған іс-шараны Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Тусупова Баян Халеловна өткізді. Кездесуге экология мамандығының студенттері қатысып, еліміздегі экологиялық заңнаманың жаңартылған талаптары мен ерекшеліктері туралы маңызды ақпарат алды. 
Іс-шара барысында лектор Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің негізгі қағидалары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттары, сондай-ақ экологиялық жауапкершілік пен табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар студенттерге болашақ маман ретінде экологиялық заңнаманы білу мен оны кәсіби қызметте қолданудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, экологиялық құқық, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелері бойынша пікір алмасты.
Осындай іс-шаралар студенттердің құқықтық және экологиялық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар